Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы жетінші турында Қазақстан құрамасы Сан-Маринодан басым түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді.

Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака) және тағы басқалары бар.

Қазақстан қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.

Енді қазақстандық футболшылар 20 қарашада сырт алаңда Словениямен кездеседі.