Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан Қазақстан азаматтарына алғыс айтты.

Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Кейінгі күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сонымен қатар маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сонымен бірге көптеген Қазақстан азаматтарынан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет, —  деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресми сайтында.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша ақпарат расталды.