Болат Назарбаев қайтыс болды

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Бұл туралы Ratel.kz хабарлады.

Ол дүйсенбі, 13 қарашада қайтыс болды.

Сағат 09.28-де жүрек қызметі тоқтады. 23 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже бермеді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Болат Назарбаевтың 3 қарашада кешке миокард инфарктімен Алматы клиникалық ауруханасына жатқызылғаны белгілі болған еді.