Елорданың білім беру ұйымдарында Республика күніне орай спорттық акция өтті

Елорданың барлық білім беру ұйымында Республика күніне орай «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру» атты акция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға білім беру мекемелерінің оқушылары, олардың ата-аналары, ұстаздары қатысты.

Акция бағдарламасында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жұмылдыру бойынша түрлі спорттық жарыстар, спорт ойындары, турнирлер, тақырыптық диспуттар, әңгіме, шығармалар, эссе, сурет, плакат, буклет байқаулары болды.

Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ белсенді қатысушылар Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының» грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да