Сәуір айы суық, желді ауа райымен басталады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және көктайғақ болады.
Ауа температурасы батыста – түнде 2-10 градусқа дейін аяз, күндіз 8 градусқа дейін жылы; еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнде 5-15°С дейін аяз, күндіз 0-8 °С дейін аяз болады; оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5 °С, күндіз 5-13 °С жылы.
Бірінші онкүндіктің соңына қарай Орталық Азия аумағынан жылы ауа массаларының ығысуынан күн жылынады, оңтүстікте тіпті ыстық болады деп күтілуде. Бұл кезде термометр көрсеткіштері күндіз солтүстікте 8-15 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстікте 18-25 градусқа дейін жылы болады.
Алайда екінші онкүндіктің ортасында солтүстік пен орталықта, ал екінші онкүндіктің соңында оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста күн суытып, жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
Бұл кезде ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде 2°С аяз, күндіз 3-8 °С жылыны көрсетсе, оңтүстік жартысында түнде 3-10 °С жылы, күндіз + 10-15 °С болмақ.
Алдын ала болжамға сәйкес, сәуір айының үшінші онкүндігінде жылы және жаңбырлы күндер басым болады.
Осылайша, орташа айлық температура Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, Қостанай облысының батыс бөлігінде қалыпты нормадан 1°C төмен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 1°С жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде болады деп болжанып отыр.
