Басты бетЖаңалықтарҚуандық Бишімбаев...

Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, — делінген хабарламада.

Өзге мәліметтер қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

10 қарашада Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты іс тергеуге алынды.