Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты іс тергеуге алынды.
Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде әйелдің қаза болу фактісі бойынша елорда полиция департаменті Қазақстан Республикасы қылмыстың кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмысын басталды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған еді.