Алматыда жол ережесін 81 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі 81 рет жол ережесін бұзып, 1 миллионнан астам айыппұл арқалады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол ережесін бұзған көлік Грузияда тіркелген. Жүргізушіге салынған айыппұлдың көлемі 1 290 615 теңге болды.

Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші 81 рет жол ережесін бұзған, көбіне жылдамдықты асырған. Оны «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық, — деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев.

Полицейдің айтуынша, көлік арнайы айып тұрағына орналастырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да