Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады

Алматы облысында 31 жастағы полицей өзіне қол жұмсады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, Балқаш аудандық полиция басқармасына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Қайтыс болған азаматтың отбасында жеке проблемалары болған. Ол да қылмыстық тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта істің жан-жақтылығын және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.