«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Республика аумағының басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ашық күн райы сақталады.
Елдің шығысында антициклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, қар жауады. Қазақстан бойынша тұман. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде елдің шығысында жел күшейеді. Түнде шығыста жаяу бұрқасын болады, — делінген хабарламада.
