Ақордада Эмманюэль Макронның Қазақстанға сапары талқыланды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция Президенті Эмманюэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды.

Француз саясаткері Жак Аттали Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.