Доллар 470–475 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470–475 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470–475 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 471–475,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 31 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 471,87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89–5,07теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,01 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да