Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошылар Динара Куджулова, Бауыржан Арыстанбеков пен Даяна Федосова қола жүлдеге ие болды.

Динара Куджулова пара дзюдодан J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті. Динара қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Мухаррамкон Абдулсаматованы 11:0 есебімен жеңді.

Бауыржан Арыстанбеков
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бауыржан Арыстанбеков J1 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақта индонезиялық Фаджар Памбудиден басым түсіп, тағы бір қоланы қоржынға салды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

57 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Даяна Федосова (J2 санаты) Азия пара ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанды. Медаль үшін күресте ол Үндістаннан келген спортшыны жеңді.