Қазақстанның кейбір өңірлерінде 18 градусқа дейін аяз болады

Алдағы демалыс күндері көптеген облыста күн жауын-шашынды болып, сулы қар жауады. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі уақыттарда оның соңы қарға айналып, температура төмендеуі мүмкін.

Сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста күн ашылады деп болжануда, бірақ түнде 8-18 градусқа дейін аяз болып, ауа температурасы климаттық нормадан 3-6ºС төмендейді.

ДереккөзBaq.kz