Қытаймен визасыз келісім қашан күшіне енеді?

Қазақстан  мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді. 

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстан азаматтары Қытайға шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге, алты ай ішінде барлығы 90 тәулікке кіре алады.

Келісімге 2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылған еді.