Үкімет Қытаймен арада визасыз режим туралы келісімді бекітті

ҚР үкіметінің 26 шілдедегі № 612 қаулысы бойынша Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында екіжақты виза режимі туралы келісім бекітілді.

Тараптар уағдаласқан келісімнің 2-бабы бойынша екі ел азаматтары іскерлік мақсатпен, жұмыс бабымен, жеке іспен, емделуге немесе турист ретінде барған жағдайда визалық талаптар алынып тасталды. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын кезеңге ел аумағында бола алады. Егер уағдаласушы елдердің азаматтары келісімнің 2-бабы 1-і тармағында көзделген яғни мемлекетке барудағы мақсаты мен мерзімі сәйкес келмеген жағдайда алдына ала визаға өтініш берге тиіс, — делінген ресми құжатта.

Қазақстан азаматтарынан талап етілетін құжаттар:

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • Қазақстан Республикасына қайтып оралу туралы куәлік.

Қытай азаматтарынан сұралатын құжаттар:

  • Қытай Халық Республикасы азаматының жартылай қызметтік паспорты;
  • Қытай Халық Республикасы азаматының паспорты;
  • Қытай Халық Республикасының уақытша жол жүру құжаты.

Үкімет қаулысының толық нұсқасымен осы сілтемеде танысуға болады.