Энергетика министрлігі сұйытылған газ тапшылығымен қалай күресіп жатыр?

29 мұнай өңдеу зауыты мен 3 128 автожанармай құю станциясы мұнай өнімдерін сақтау, жеткізу және тиеп-жөнелту жөніндегі деректерді мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесіне (МӨЕЖ) беріп отырады.

Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қоғамдық кеңестің отырысында сұйытылған мұнай газын электрон бөлуді енгізу, «Теңізшевройл» ЖШС бөлетін сұйытылған мұнай газының көлемін ұлғайту, көлік қызметтерінің өсуіне байланысты сұйытылған мұнай газына әділ баға белгілеуді енгізу, сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту бойынша өндірушілерді ынталандыру жөнінде ақпарат ұсынды.

Оның айтуынша, министрлік сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығына жол бермеу үшін «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп тұтынушылардың деректерін тексеру модулін «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесі» (МӨЕЖ) базасында құру жұмысын жүргізді.

Бүгінгі таңда елорданың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан 29 мұнай өңдеу зауыты (үш МӨЗ және 26 шағын МӨЗ) және 3 128 автожанармай құю станциясы (Қазақстан бойынша жалпы саны 3 240) МӨЕЖ-ге қосылған, — делінген хабарламада.

МӨЕЖ-ге мұнай өнімдерін сақтау, жеткізу және тиеп-жөнелту бойынша деректер беріледі. Қазіргі уақытта мұнай өнімдері базаларын пилоттық режимде қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.