Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспорты 50%-ке өсті

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы тоғыз айда Ақтау портынан Қазақстан мұнайының экспортын 53%-ке арттырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2, 484 миллион тонна болды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 864 мың тоннаға немесе 53%-ке артық.

Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портының бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайды (990,2 мың тонна).

Махачкала портына Ақтау портынан 1,49 миллион тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылғы тоғыз айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аз.

2022 жылы Қазақстан президенті Транскаспий дәлізі арқылы мұнай тасымалдауды ұлғайтуға нұсқау берді. Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Әзербайжан мемлекеттік SOCAR мұнай компаниясы жыл сайын теңізден Баку — Тбилиси — Джейхан мұнай құбыры бағыты бойынша 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдау туралы келісім жасасты.