Темекінің ең төменгі бағасы 300 тг болып бекітілді

«Фильтрлі және фильтрсіз 20 (жиырма) темекінің ең төмен бөлшек бағасы 300 теңге мөлшерінде бекітілсін», — делінген құжатта. Осыған дейін «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» № 260 қаулысына өзгерістердің енгізілгені жайлы хабарланған болатын. «Үкіметтің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» № 260 қаулысына келесі өзгерістер енгізуді қаулы етеді: 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін — екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап — үш жүз теңге (300) мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін», — делінген еді құжатты мәтінінде.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең арзанына 240 теңге мөлшері белгіленген еді.

ДереккөзTengrinews.kz