Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент жұмыс сапарымен Бішкекке ұшып барды

Фото: Аkorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Президентті Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Мақалаға реакция