Алматы-Бішкек тасжолына алып баратын жол ашылды

Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакадада көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

«Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакадада қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. «Асыл Арман» тұрғын үй кешені тұрғындары «құбыр» үлгісіндегі жолайрық арқылы Алматыға қарай және республикалық маңыздағы «Алматы-Бішкек» тасжолына кедергісіз шыға алады. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет жол белгілері орнатылып, жол таңба сызығы жаңартылды, — делінген хабарламада.

Биылғы күзде нысан пайдалануға беріледі. Мердігер ұйым келісімшартқа қол қойған күннен бастап бір жылға жуық уақыт аралығында жол қозғалысын қамтамасыз етті.