Аталған ұпай – Денис Теннің осы маусымдағы ең жоғары нәтижесі. Алайда жарыстың алғашқы күнінде үздіктердің қатарында болуға мұның өзі жеткілікті болмады. Көш басын испаниялық Хавьер Фернандес (109.05) бастап тұр. Ал екінші орында жапониялық Шома Уно (104.86). Үздік үштікті канадалық Патрик Чан (102.13) қорытындылады.
Ал Денис Тен 9-орынмен финалдық кезеңге жолдама алды. Еркін бағдарлама сайысы 1 сәуір күні өтеді. Егер Денис Тен жалпы есепте алғашқы ондықта болса, келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан осы спорт түрінен екі спортшы қатыстыра алады.
Хельсинки. Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Ерлер.
1.Хавьер Фернандес (Испания) — 109.05 ұпай
2. Семо Уно (Жапония) — 104.86 ұпай
3. Патрик Чан (Канада) — 102.13 ұпай
9. Денис Тен (Қазақстан) — 90.18 ұпай