Футболдан Қазақстан премьер-лигасының төртінші тур ойындары басталады

Алғашқы кездесу шымкенттік «Ордабасы» мен көкшетаулық «Оқжетпес» клубтарының арасында өтеді.

Одан кейін Павлодар «Ертісі» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Ал алматылық «Қайрат» чемпионат көшбасшысы қызылордалық «Қайсармен» күш сынаспақ.

1 сәуір күні қостанайлық «Тобыл» «Таразды» тобықтан қағып көрсе, «Ақжайық» көршілес облыстың ұжымы «Атыраумен» ойнайды. Оралдағы матчпен қатарласып Теміртауда бір кездесу өтеді.

Қарағандылық «Шахтер» ел чемпионы «Астанадан» ұпай алуға тырысады.

Дереккөз24.kz