Болашақта ХҚКО-лар жабылуы мүмкін бе?

Алдағы уақытта еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарын қысқарту қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов халыққа қызмет көрсету орталықтарының болашағы туралы сұрады.

Елімізде бұл орталықтардың болашағы бар ма? Кез келген қызмет түрін смартфондар арқылы алып жатырмыз. Сондықтан ХҚКО-лар қызметі қажет бола ма?, — деп сұрады депутат.

Цифрлық даму вице-министр Әсет Тұрысов мемлекеттік қызметтердің 20%-і халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы іске асырылып жатқанын айтты.

Тұрғындардың компьютерді немесе басқа да құрылғыларды меңгеру деңгейі әртүрлі. Сондықтан алдағы уақытта да адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінетіні анық. Атап айтқанда, ХҚКО-ларды дамытып, сонымен қатар «Қазпошта» жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көресету деңгейін кеңейте аламыз. Онлайн режимде eGov mobile, eGov арқылы қызмет көрсетуді жетілдіреміз, — деді вице-министр.