Басты бет / Жаңалықтар /
тұман, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Еліміздің бес қаласында ауа ластанады

28 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлады.

Синоптиктер болжамы бойынша, Өскеменде, Риддерде, Атырауда, Ақтөбеде және Алматыда қолайсыз метеорология жағдайына байланысты ауа ластанады. Мұндай ауа райы салдарынан атмосферада ластайтын заттар жиналады.

Қолайсыз метеорология жағдайлары — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook