25 қыркүйек. Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорология жағдайы болып, ауа ластанады.

Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлады.

Қолайсыз метеорология жағдайлары — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.