Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Тұрсынов Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Тұрсынов 2022 жылғы Азия ойындарындағы жарыста грек-рим күресінен Олимпиада лицензиясын алды. Бұл туралы «Спорт Шредингира» Telegram-арнасы хабарлады.

Грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада лицензиясы. Оны 87 келі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов жеңіп алды. Париж-2024 жолдамасы үшін жекпе-жекте қазақстандық әзірбайжандық Ислам Абасовты жеңді. Екеуі де бұған дейін қола үшін күресіп, сәтсіз аяқталған болатын, — делінген арнада.