Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды

Асан Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

 

Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген Жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін президент Талғат Қойбақовты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатқан болатын.