Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды.

Президент өз құттықтауында бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке екенін атап өтті.

Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. «Адал азаматқа» тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек, — делінген құттықтау хатында.

Бүгін, 24 қыркүйекте Қазақстанда «Еңбек күні» тойланады. 2013 жылы 22 қарашада қыркүйек айының соңғы жексенбісін «Еңбек күні» деп белгіленді.