Басты бетЖаңалықтарАлматыда танымал...

Алматыда танымал әншілердің қатысуымен әндер фестивалі өтеді

Алматыда Қайрат Нұртас, Садраддин, МузАрт тобының қатысуымен танымал әндер фестивалі өтеді.

«Сағындым Алматымды» деп аталатын мерекелік кеш 17 қыркүйекте  Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда өтеді.

Бұл күні алаңға жиналған көрермен заманауи қазақ музыкасының үш буынының ең жарқын өкілдері – «МузАрт», Қайрат Нұртас және Садраддиннің бір сахнада өнер көрсеткенінің куәсі болмақ. Елдің сүйіктілері, миллиондаған  тыңдармандардың кумирі, уақытқа бағынбайтын әндердің орындаушылары қайталанбас эмоция мен атмосфера сыйлауға дайын.

Осы жексенбіде КБТУ алдындағы алаңда келушілер ерекше алматылық vibe-ті сезіне алады. Бұл кеш шығармашылықтың, еркіндіктің, жастықтың, сапалы музыканың, жарқын шоудың естелігі болады.

Оған қоса музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылады. Оны орындайтындар:

  • «URKER» pop тобы, «Мюзикола» тобының солисі Карина Абдуллина, «Ай,ай,ай Ақ сәулем» әнінің орындаушысы Өктем Алтаев;
  • Қазақ сахнасының жарқын өкілдері Саят Медеуов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаевалар;
  • Эстрада бағытын жандандырып жүрген әншілер Ғазизхан Шекербеков, Әбдіжаппар Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Нұржан Халжан, Мөлдір Әуелбековалар;
  • Сахнада өзіндік орны бар Беркут пен Аиша, Бейбіт Қорған;
  • Заманауи толқынның өкілдері Тұрар, Маченский, AyaFunk, Ильхан бар.

Мерекелік кештің өтетін жері мен уақыты:

  • Алматы қаласы, Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысындағы Астана алаңы
  • Концерт open air форматында астында өтеді.
  • Сағат 16.00-де басталатын кеш түнгі 23.00-ге дейін жалғасады.