Қарағандылық әйел қызын емдету үшін 24 миллион теңге ұрлаған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған.

Бұл туралы Astanatv.kz хабарлады.

Әйел екі жыл ішінде 24 миллионнан астам теңгені өзінің жеке есепшоттарына аударып үлгерген.

Бас есепшінің қызы туғанынан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, бірінші топтағы мүгедек. Әйел кінәсін мойындап, жымқырған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан.

Тергеу барысында бас есепші 2021-2022 жылдар аралығында бюджет қаржысын жалақы және еңбек демалысының ақысы ретінде негізсіз өзінің карталары мен есепшоттарына аударып отырған, — деді облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі Зарина Құсманова.

Әйел алты жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Мұнымен қоса ол 24 миллион теңгені мемлекетке қайтаруға тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да