Биыл сегіз айда ел экономикасы 4,9%-ке өсті. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.
Биыл қантар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9% болды. Оның ішінде нақты сектор – 4,4, ал қызмет көрсету саласы 4,8%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып жатыр, әсіресе құрылыс, сауда, сонымен қатар ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2% болды. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49, білім беруде – 31,9, саудада – 30,1, ауыл шаруашылығында – 20,7, сонымен бірге өнеркәсіпте – 8,5, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5,7%-ке артты, — деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы саудада тауар айналымы 5,7%-ке өсіп, 79,5 миллиард доллар болды. Экспорт 44,8 миллиард доллар, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 миллиард долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 миллиард долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 10 миллиард долларға тең, — деді Азамат Әмрин.