Павлодар облысында әйел адам екі баласымен бірге суға батып кетті

Құтқарушылар Ертіс өзенінен әйел адам мен оның екі баласының денесін алып шықты. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 25 тамызда жеңіл көліктегі әйел екі баласымен бірге өзенге түсіп, өз бетінше шыға алмай қалған.

Мәйіттерді судан сағат 22:53-те шығарып алды. Суға батқан әйел 1980 жылы туған, балалар — 6 және 9 жаста.

Оқиға орнында бес адам және екі техника жұмыс істеді.

21 тамызда Сырдария өзеніне 11 адам, оның ішінде сегіз кәмелетке толмаған бала батып кетті.