13 қыркүйек — Шаштараз күні. Алматыдағы Sunny сән салонының иесі Салтанат Ахметова Baribar.kz журналисінің шашын сәндеп, қазіргі танымал бес шаш үлгісі туралы айтып берді.

Жағажай бұйрасы

Жағажай бұйрасы — сәнді және стильді шаш үлгісі. Теңізге түссіп, сәл кепкен шашқа ұқсайды. Сол үшінде «жағажай бұйрасы» деп аталады.

Шаш үлгісі адамның бет пішініне қарай емес, жасына, шашының түріне қарай жасалады. Сондықтан жағажай бұйрасы қысқа, ұзын, жалпы, барлық шашқа жараса кетеді. Бұл шаш үлгісі декольтесі бар, жеңіл көйлекпен жақсы үйлеседі. Сонымен қатар бұл шаш үлгісі мелирленген (мелирование) шашта жақсы көрінеді, — дейді Салтанат Ахметова.

Оған қоса жағажай бұйрасын түзу және бұйра шаштарға жасауға болады. Бұл күнделікті өмірге де, тойға да, мерекелік кештерге де келе береді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Түйілген шаш

Түйілген шаш тек тойға, мерекелік кештерге арналған шаш үлгісі болып көрінеді. Бірақ қыздар қауымы түйілген шашты күнделікті өмірде де жасай береді.

Бұл шаш үлгісі барлық киімге үйлесіп кетеді. Дегенмен майка мен қысқа шалбармен мүлдем үйлеспейді. Көбіне костюм-шалбар киген, әйел мүсіні әдемі көрінетін көйлек киген, ресми стильде киінген қыздарға жарасады, — дейді салон иесі.

Шашты не жоғары, не төмен түюге болады. Мұның бәрі киім мойнының қаншалық ашық екеніне байланысты. Мойны ашық киім болса, шашты төмен түю керек, ал мойны жабық болса, шашты жоғары түю қажет.

Себебі шаш неғұрлым жоғары түйілсе, соғұрлым әйелдің бойы ұзарады. Әйел мойны жабық киім киіп, шашты төмен түйсе, бойы қысқа болып көрінеді, — дейді Салтанат ханым.

Осылай жиналған шаш әйелдің әдемілігін, сымбатын айрықша көрсетеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Буылған және өрілген шаш

Салтанат ханымның айтуынша, бұл екі күнделікті шаш үлгісін де аздап өзгертіп, мерекелік кештерге де, тойға да жасауға болады. Мысалы, мерекелік кештерге бару үшін шашты түбінен көтеріп, бұрымды жоғары өріп, не бууға болады. Сонда шаштың көлемі ұлғаяды.

Сонымен қатар бұрымды түрлі өріммен өріп, шаш үлгісін түрлендіруге болады. Осылай күнделікті шаш үлгісін мерекелікке келтіріп жасауға мүмкіндік бар.

Ұзындығы иықтан төмен шашты өрген дұрыс. Себебі қысқа шашты өрген кезде, бұрым қысқа болып, әдемі көрінбейді. Қысқа шашты тігінен екі бөліп буса, үстіндегі буылған шаш астындағы буылған шашты жасырып, бұрымның көлемі ұлғайып, шаш ұзын болып көрінеді. Мысалы, мерекелік кешерге бұрымды жоғары өріп, не буып, ал шашты түбінен көтерсе, шаштың көлемі біраз ұлғаяды. Мұндай шаш үлгілері көбіне жас қыздарға жарасады, — дейді салон иесі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
шаш, шаш үлгісі, буылған шаш
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
шаш, өрілген шаш, шаш үлгісі
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
шаш, өрілген шаш, шаш үлгісі
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Кәдімгі бұйра

Кәдімгі бұйра — әйелдердің классикалық шаш үлгісі. Мұны қыздар қауымы көбіне күнделікті жұмысқа, сабаққа барғанда жасайды. Бірақ шашты түбінен көтеріп, бұйралап, тойға да, мерекелік кешке де бара береді. Оған қоса бұл шаш үлгісі барлық шаш ұзындығына, түріне, тіпті кез келген жастағы әйелге келеді.

Шаштың көлемін ұлғайтқыңыз келсе, шаш қалың болуы керек. Шаштың тек ұшын немесе ортасынан бастап бұйралауға болады, — дейді Салтанат ханым.

Бір қызығы, ежелгі заманда әйелдері шашты матамен орап бұйралаған. Одан соң шаш бұйралайтын құралдар шығып, қазір шаш бұйралау процесі әлдеқайда жеңілдеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
шаш, шаш үлгісі
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz