Былғары киім

Бұрын былғарыдан жасалған киімді байкерлер, рок-н-ролл орындаушылары ғана киетін. Қазір мұндай киім сән подиумдарының төрінен айрықша орын алады және талғампаз жандар таңдайтын образына да кіреді.

Дизайнерлер келер жылдың көктемінде де былғары сәнде болатынын айтады. Тіпті бастан-аяқ былғары киім киюді де ұсынып отыр. Қазір былғарыдан пальто, куртка, шалбар, сарафан, бас киім, көйлек, белдемше, комбинезон да тігіледі.

сән
Фото: Pinterest.com
сән
Фото: Pinterest.com

Клеш джинс шалбар

Клеш джинс шалбар — ұзақ жылдар бойы сән тренді қатарынан түспей келе жатқан киім үлгісі. Оны 19 ғасырда матростар, 1960 жылдары хиппилер киген. Бүгін бұл шалбар әйелдер арасында да сәнге айналды. Дизайнер биыл клеш джинс шалбар таңдау кезінде оның классикалық көк түсіне және макси ұзындығына мән берген жөн дейді.

сән
Фото: Pinterest.com

Ұзын етік

Мұндай аяқ киім сәнді болуымен қатар жылы екенімен де қуантады. Қонышы ұзын етікті қандай киіммен үйлестіруді ойлағаннан бұрын аяқ киімнің матасына, түсіне мән берген дұрыс. Себебі күз және қыс — суық әрі ылғалды маусымдар. Сапалы аяқ киім кимесеңіз, тез ауырып қалуыңыз мүмкін.

сән
Фото: Pinterest.com
сән
Фото: Pinterest.com

Total look

2020-2021 жылдағы сән трендіне total look стилі де кіреді. Әдетте бұл стильді фантазияны қажет етпейтін сән үлгісі деп жатады. Оның ерекшелігі де осы: белдемше мен жейденің  түсі немесе пальто мен етіктің түсі үйлесе ме, жоқ па деп алаңдамайсыз. Себебі total look — бастан аяқ бір түсті немесе бір брэнд яки дизайнердің киімін кию.

сән
Фото: Pinterest.com
сән
Фото: Pinterest.com

Бермуд қысқа балақты шалбар

Тізеге дейінгі ұзындықтағы кең балақты шалбар кеңсе үлгісіне де, күнделікті киім үлгісіне де келе береді. Былғары немесе деним түрін алуыңызға болады.

сән
Фото: Pinterest.com
сән
Фото: Pinterest.com

Оversize

Дизайнер денеге жабыспайтын, кең худи, жемпір немесе көйлек киюге кеңес береді. Оversize стиліндегі көйлектердің матасы жеңіл әрі жұқа болғаны абзал. Себебі күзде көйлектің өзін, қыста жемпірдің ішінен киюге болады.

сән
Фото: Pinterest.com
сән
Фото: Pinterest.com