Жұмыссыздар пайызы төмен кредит ала алады

Шағын несие ретінде 7 жылға 6%-дық мөлшерлемемен 8 мың АЕК көлемінде, яғни 18 млн теңге қаражат беріледі. Басты жаңалық, кәсібін жаңа бастағандар үшін, қаражаттың 85%-на мемлекет өзі кепіл болады. Яғни банктен несие алу үшін кепілзат қоюдың қажеті жоқ.

Қаражат қалалықтарға «Даму» қоры, ауыл тұрғындарына «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы беріледі. Алдымен болашақ кәсіпкер бір айлық курстан өтеді. Икемі болса, әрі қарай бизнес жоспар жасап, банктерден қаражат алуға жәрдемдеседі.

Биыл 15 мыңдай адам осы курстан өтеді. Оған жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар мен кәсіпкерлер қатысады.

Айта кетейік, қазір елімізде 441 мың жұмыссыз адам бар.

ДереккөзAstanatv.kz