Төлқұжаттардың кең тараған төрт түсі

Қызыл

Ең көп тараған түс. Бұл түсті коммунистік елдер таңдайды. Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия мен Еуроодаққа мүше мемлекеттердің  (Хорватиядан басқа) төлқұжаттары қызыл. Сонымен қатар, Еуроодаққа кіруге ниетті Түркия, Македония, Албания бірнеше жыл бұрын құжаттарын қызыл түске ауыстырған. Боливия, Колумбия, Эквадор мен Перу азаматтары күрең түсті төлқұжат алады.

Көк

Қызылдан кейін көп тараған түс. Көк мұқаба «жаңа әлемді» білдіреді. Кариб елдерінің 15-і көк түсті төлқұжат қолданады. Бұл тізімде Оңтүстік Америка, Бразилия, Аргентина, Парагвай мен Қазақстан да бар.

Көк төлқұжат

Жасыл

Мұсылман елдерінің көпшілігінің құжаты жасыл түсті. Мәселен Марокко, Сауд Арабиясы, Пәкістан. Себебі жасыл түс Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) жақсы көрген түсі. Бұл түс тіршіліктің, табиғаттың символы саналады.

Сондай-ақ Батыс Африкадағы Буркина Фасо, Нигерия, Сенегал елдерінің құжаты жасыл. Мұнда бұл олардың Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығына мүше екендіктерін білдіреді.

Жасыл төлқұжат

Қара

Қара түсті төлқұжаттар сирек кездеседі. Ботсван, Замбия, Бурунди, Габона, Ангола, Чада, Конго, Малави сынды Африка елдері қара түсті төлқұжат қолданады. Жаңа Зеландияның ұлттық түсі қара болғандықтан құжаты да осындай.

Қара төлқұжат

төлқұжат карта
© Adme.ru
ДереккөзAdme.ru