Басты бетЖаңалықтарАуыл шаруашылығы...

Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Президенттің тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.

Айдарбек Сапаров 1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

1984 – 1984 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы, совхоз бухгалтері.

1992 – 1995 жылдары – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.

1995 – 2003 жылдары – «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.

2003 – 2005 жылдары– «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005 – 2006 жылдары– «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 – 2006 жылдары–ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің СҚО бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

2006 – 2006 жылдары –ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің СҚО бойынша аумақтық инспекциясының басшысы.

2006 – 2008 жылдары– Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008 – 2010 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010 – 2011 жылдары– Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2011 – 2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 – 2022 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.