Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметін жалғастырады

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ербол Шырақпаұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, — делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Ербол Қарашөкеев 2021 жылғы 1 қыркүйегінен бері министр болып келеді. Бұған дейін 2021 жылғы шілдесінен бастап вице-министр болған.