Әлем елдеріндегі оқушылар қалай тамақтанады?

Қытай

Қытай елінде халық санының көптігіне байланысты оқушыларды тамақпен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. 2011 жылы бұл елде «Лайықты тамақтану» арнайы бағдарламасы бойынша ауылдық 134 мектептің 36 миллион оқушысы тамақпен қамтылды. Қытай еліндегі мектептерде түскі асқа бір сағат уақыт беріледі. Кез келген қарапайым оқушы күрішпен, әр түрлі қуырылған тағамдармен тамақтанады.

Ресей

Көрші Ресей елінде оқушыларға арналған асханалар тамақ пісірумен айналыспайды. Ресейдегі ірі тамақтандыру комбинаттары дайындаған тағамдар таңертең ертемен мектепке жеткізіледі. Ал асхана қызметкерлері тек дайын тағамдарды ысытып береді. Бұл елдегі оқушылардың ас мәзінде әдетте сұйық тағам мен макарон болады.

Тамақтану, Ресей

Швеция

Бұл елде оқушылардың көп бөлігі тамақтанудың вегетариандық түрін таңдайды. Олардың ас мәзірінде картоп, қырыққабат, сәбіз және жеміс-жидек үлкен орын алады.

Тамақтану, Швеция

Франция

Француздар үшін фаст-фуд өнімдері қолжетімді әрі тойымды ас саналады. Мектеп қабырғасындағы оқушылар да тағамның осы түрін таңдайды. Франция мектептерінде оқушылар қалауы бойынша, қуырылған картоппен (фри), бургермен тамақтанады.

Тамақтану, Франция

Латвия

Францияда фаст-фуд өнімдері танымал болса, Латвия елінде керісінше. Бұл елдің Денсаулық сақтау министрі Гунтисе Белевиче тәтті тоқаштарды, кофе мен пиццаны мектептегі ас мәзірінен алып тастау туралы шешім қабылдаған. Алайда, уақыт өте келе сұранысқа ие тағам түрлері мектеп қабырғасында заңсыз саудалана бастады. Тек ағымдағы жылдың басында ғана министрліктің рұқсатымен кофе мен балмұздақ мектепке қайта оралды.

Тамақтану, Латвия

Қазақстанда мектеп оқушыларын тамақтандырудың нақты жүйесі әлі қалыптасқан жоқ. Үкімет тарапынан оқушыларды ыстық тамақпен қамту үшін жыл сайын арнайы бағдарламалар бойынша қаражат бөлінеді. Жеңіл-желпі құрғақ тамақтану да, ыстық тамақ ішу де, фаст-фуд өнімдері де оқушылардың өз еркіндегі шаруа.

Ал сіздің балаңыз мектепте немен тамақтанады?