Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бүгін сағат 14.56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде сегіз кәмелет жасқа толмағандар, — делінген хабарламада.

ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.

Еске салайық,  Отырар ауданында бір әулеттен шыққан төрт отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.