«Астана-Арена» стадионы жабылады

Стадион әкімшілігі «Астана-Аренаның» мамыр айына дейін жабылатынын айтып отыр. Себебі, алаңның жасанды желегі әбден тозған екен, соны алмастырақ.

Олардың айтуынша, жөндеу жұмыстары тез арада бастамаса,  еурокубок ойындары жақындағанада тіптен кеш болып кетеді.

Футболшылар енді дайындықтарын өзге стадиондарда өткізуі мүмкін. Қазіргі таңда елордамызда «Астана-Аренадан» бөлек тағы үш стадион бар. Олар: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион, «Тарлан-Арена» (бұрынғы «Автомобилист» — авт) және Мичурино елдімекеніндегі оқу-жаттығу базасы.

Айта кетейік, «Астана-Арена» 2009 жылы 3 шілдеде ашылды. Стадион тарихындағы бірінші кездесу «Локомотив» (астаналық клуб) және Қазақстанның жастар құрама командасы арасында болды. Матчта атақты итальяндық арбитр Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті. Оның ысқырығымен допқа символдық бірінші соққыны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады.

ДереккөзBaq.kz