Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл қойды

Мемлекет басшысы Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Сонымен қатар, гүл қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты.