Басты бет / Жаңалықтар /
f07d9239f8ad3facf64fc6f6648885fe Президент Вьетнамда Ұлт қаһармандары монументіне гүл қойды
Фото: Аkorda.kz

Президент Вьетнамда Ұлт қаһармандары монументіне гүл қойды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

1945 жылғы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.

Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза болған батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook