Мемлекет басшысы ресми сапармен Вьетнамға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.