Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы туризм кеңесі қала әуежайындағы такси қызметтерінің құнына талдау жүргізді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифиңде палата төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов жосықсыз такси жүргізушілер мәселесі реттелгенін айтты.
Спикер салалық комитетпен тарифтер ұсынылып, әуежай аумағында такси бағалары көрсетілген тиісті стендтер ілінгенін айтып өтті.
Туристік маусым басында, екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтерін ұсынатын AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy құнын талдап, сапардың орташа бағасы есептелді. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері бастапқы және баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси санатына байланысты 1 200-ден 12 000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары құны әуежай терминалынан Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум-сегментінде көрсетіледі, — деді ол.
Алматының туризм жөніндегі кеңесі құрамына Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының, авиациялық көлік прокуратурасының, Алматы туризм басқармасының, Алматы халықаралық әуежайының, Түрксіб ауданы ІІБ ЖПҚ, Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы ІІД-нің, Қазақстандық туристік қауымдастықтың, Алматы ТЖК өңірлік палатасының өкілдері енді.