«Қазақстан» шахтасындағы өрттен кейін хабарсыз кеткен бес кеншінің екеуінің денесі табылды.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі жұмысшы қайтыс болды. Қалғандары іздестіріліп жатыр, — деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.
Кейін өрт кезінде бес кеншінің із-түссіз қалғаны және төрт адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.