«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 224 адам эвакуацияланды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өрт шыққан «Қазақстан» шахтасынан 224 адам эвакуацияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта төрт адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухаансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатқанын хабарлаған едік.