Тұңғыш рет «Сахнагер — 2017» жүлдесі табыс етіледі

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан Театрлар Ассоциациясы  республикадағы  барша театр ұжымдарының ішінен ең үздіктерін театр өнерінде жеткен жетістіктері үшін салтанатты түрде марапаттамақшы. Марапаттау салтанаты 27 наурыз күні сағ. 19-00де Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Олар Қазақстан Театрлары ассоциациясы ұйымдастырған тұңғыш «Сахнагер – 2017» ұлттық театр жүлдесімен марапатталады.

Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметінің хабаралуынша, мерекелік кеште Қазақстан Театрлар Ассоциациясына мүше М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы өнер көрсетеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да