Қырғыз азаматтары Қазақстанда 90 күн бола алады

Қазақстандағы Қырғыз Республикасы азаматтарының кіру және болу тәртібіне өзгерту енгізіледі. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сонымен қатар олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 16-абзацын қолданбай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген күнтізбелік тоқсан күн мерзім белгіленсін, — делінген үкімет басшысы қаулысының жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз азаматтары елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.